Семинар тақырыбы: Бизнес-процестерді оңтайландыру
Мақсатты аудитория: мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық департаменттер мен инспекциялардың бөлім басшылары.
«С» ДЕҢГЕЙІ, Қызметкерлерді басқарады.
Өткізу уақыты: 21-25 ақпан
Ұзақтығы: 40 сағат
Күтілетін нәтижелер:
- Бизнес-процестердің, BPMN нотациясының негізгі ұғымдарын біледі және қолданады.
 - Мемлекеттік органдардағы бизнес-процестерді талдау және формализациялауды үйренеді.
 - Мемлекеттік органдағы бизнес-процестерді оңтайландырудың әдістемесін меңгереді.
 
Семинарға шолу:
- Бизнес-процестерді басқару теориясына кіріспе. Негізгі ұғымдар.
 - Топтық жұмыс: қызметтің типін анықтау.
 - BPMN нотациясы.
 - Бизнес-процестерді талдау және формализациялау.
 - Бизнес-процестерді модельдеу.
 - Бизнес-процестерді оңтайландырудың әдістемесі мен көрсеткіштері
 - Процестерді оңтайландырудың практикалық тапсырмалары
 - Тестілеу. Кері байланыс.
 
Құзыреттіліктер:
Қызметті басқару Көшбасшылық
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл Шешімдер қабылдау
