Жаңалықтар

«͟͟Ә͟͟л͟͟е͟͟у͟͟м͟͟е͟͟т͟͟т͟͟і͟͟к͟͟ ж͟͟а͟͟н͟͟ж͟͟а͟͟л͟͟д͟͟а͟͟р͟͟д͟͟ы͟͟ ш͟͟е͟͟ш͟͟у͟͟»͟͟ тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарының тыңдаушылары алғаш болып семинарды сәтті аяқтағаны туралы ЭЛЕКТРОНДЫ СЕРТИФИКАТҚА ие болды.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында  27-29 қаңтар аралығында өткен «Әлеуметтік жанжалдарды шешу» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарының тыңдаушылары алғаш болып семинарды сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификаттарға ие болды.

Бұл жоба Академия тарапынан екі жыл көлемінде дайындалды және Академия командасының ұйымдасқан жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

 Бұл жаңашылдық бізге не береді:

  • Академияның «Жасыл Академия» жобасын жүзеге асыру;
  • «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша міндеттерді іске асыру;
  • уақыттың талабына сай болу;
  • қағазбастылықтан арылу;
  • тыңдаушыларға сертификаттың кез келген уақытта қолжетімді болуы;
  • цифрлық технологияларды белсенді пайдалану.

Электронды сертификатты алу үшін  certificate.apa.kz сайтына кіріп, өз ЖСН енгізу жеткілікті.