Жаңалықтар

Жастар кадрлық резервіне өткен резервшілермен кездесу

2020 жылдың 17 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің ұсынысымен филиалымызда Президенттік Жастар кадрлық резервіне өткен резервшілердің филиал тыңдаушыларымен кездесуі өтті.
          Кездесуге Агенттіктің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев, БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина қатысты сонымен бірге біздің өңірден резервке өткен кандидаттар — БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы — Сәкен Нуртазаев, №5 қалалық емхананың бас дәрігері — Тимур Ажғалиев, шетел компаниясында бас инженер болып қызмет атқаратын  Миржан Тәжекеновтер келді.
        Бейресми жағдайда өткен кездесуде Президенттік жастар кадр резервіне өту үшін алты іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен  үміткерлер тәжірибелерімен бөлісіп, өз жобаларын таныстырды және тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.