Жаңалықтар

«Жаңа  талап» мемлекеттік қызмет мектебі студенттерімен болған кездесу.

28 ақпан күні Филиалымызда өткен шаралардың тағы бірі – «Жаңа  талап» мемлекеттік қызмет мектебі студенттерімен болған кездесу. Бұл кездесуге мемлекеттік қызметке тест тапсырып сертификат алған студенттер қатысты. Филиалдың аға оқытушысы Г.Хайрова студенттермен  команда құру тренингін өткізді.

Кездесу барысында студенттердің толассыз қойған сұрақтарына ҚР Қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің  басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев, аталған департамент басшысының  орынбасары А.Жұбаныш және филиалымыздың  директоры Ж.Даухарин жауап берді.

Студенттер тарапынан мемлекеттік қызметке тапсыратын тест сұрақтарының қамтылуы бойынша оқу бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылды.

Жас буын өкілдерінің қойған сұрақтарына қарап, болашақта мемлекеттік қызметке жұмысқа кіріп, мемлекет  үшін барын салып қызмет еткісі келетін белсенді жастардың көп екендігіне көз жеткіздік.