Жаңалықтар

Еркін Шажаұлы қызметкерлерді Филиалдың жаңа директоры Габдрахманова Шынар Төлегенқызымен таныстырды.

2020 жылдың 25 мамыры күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бірінші вице-ректоры Еркін Шажаұлы Дусипов іссапармен Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына келді.
Өз сапарын Еркін Шажаұлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінен бастап, департамент басшысы Ғ.С.Тұрсынбаевпен және қызметкерлермен облыстағы мемлекеттік қызмет істері жөнінде әңгімелесті.
Әрі қарай вице-ректор Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевпен кездесіп, аймақтағы мемлекеттік қызмет саласын дамытудың басым бағыттарымен, бірлескен жобалармен танысты.
Іссапар Академия филиалында жалғасты. Еркін Шажаұлы қызметкерлерді Филиалдың жаңа директоры Габдрахманова Шынар Төлегенқызымен таныстырды. Академияның және оның өңірлік филиалдарының алдында тұрған басты міндеттер туралы айта келіп, Шынар Төлегенқызына және ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.
Сонымен бірге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев та Шынар Төлегенқызын жаңа лауазымымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі. Филиал мен департамент арасындағы бірлескен әріптестік қарым-қатынастың әрі қарай жалғасатынын да айтып өтті.
Кездесу барысында Е.Дусипов «Күшті филиалдар — күшті Академия» стратегиялық бағыты бойынша атқарылуға тиісті жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар Еркін Шажаұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» мамандығының қызметкерлері мен студенттерімен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу соңында филиал директоры мен қызметкерлері қонағымызға алғыстарын білдіріп, сәт сапар тіледі.