Ағымдағы жылдың 17 маусымы күні Орал қаласында Zoom платформасында «Мемлекеттік қызметші жұмысының жаңа платформалары мен инновациялық форматтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн семинар өтті.
Халықаралық ғылыми-практикалық семинарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша Филиалы бірігіп ұйымдастырды.
Мелекеттік қызметшілер күніне орайластырған шарада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры – Е.Қ.Әбіл, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарлары – М.Н.Манкеев пен С.Р.Егізбаев құттықтау сөз сөйледі.
Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
- мемлекеттік қызметшінің қашықтықтан жұмыс істеуі және оның ұйымдастырылуы мен әдістемесі;
- онлайн-жиналыстарды өткізудің құралдары;
- Zoom, MS Teams, Cisco Webex Meetings сервис құралдары бойынша ұйымдастырылған сабақтар кезінде стримингті қолдану мүмкіндіктері.
Семинар барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Ш.Т.Габдрахманова, Самара «Международный институт рынка» мемлекеттік және муниципалдық қызмет институты мемлекеттік басқару университетінің директоры — Д.В.Березовский, Самара облысы Губернаторы әкімшілігінің кадрлық саясат және мемлекеттік басқару департаменті кәсіби даму басқармасы басшысының м.а. – А. В.Банюк, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің бірінші орынбасары,«Болашақ» бағдарламасының түлегі — Н.Самет, БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілген қызметтер және архивтер басқармасының басшысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі – С.Р.Нұртазаев және БҚО Жәнібек ауданының әкімі, Академия түлегі –А.С.Сафималиев баяндама жасады.
Аталған шараға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік басқару академиясы мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері, Департамент пен Филиал қызметкерлері қатысты.
Жалпы семинар ұзақтығы 140 минутқа созылды, қатысушылар саны 50-ге жақын болды және қойылған сұрақтар мен коментарийлер саны 20-дан асты.