Құрметті достар!
Сіздерді ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен «Білім берудегі дағдарыстық менеджмент. Жаңа тәжірибе мен практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына шақырамыз!
Өткізу мерзімі: 2020 ж. 26 тамыз, уақыты:10.00 (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен)
Конференцияны ашу. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы вице-ректоры Еркін Дусипов «Пандемия жағдайындағы білім беру мен цифрлық мазмұн» және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкәрімова «ҚР біліктілікті арттыру жүйесі: пандемия сынағы».
Конференция жұмысына Сингапур, Белоруссия, Ресей, Армения, Украина, Польша елдерінен спикерлердің қатысуы күтілуде.
Конференцияның бағдарламасымен толығырақ танысу үшін сілтеме http://conference.sdo-cpmurl.kz/index.php/ru/otkrytie-konferentsii
Конференция ZOOM бағдарламасында өтеді.