Филиалдар арасындағы онлайн кездесу!
Бүгін Zoom платформасында өткен брейнсторминг Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын талқылауға арналды.
Онлайн кездесуге Академияның Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы бойынша филиалдары қатысты.
Мемлекеттік басқару академиясының бірінші вице-ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор — Е.Ш.Дүсіпов алғы сөз сөйлеп, брейнсторминг жұмысына сәттілік тіледі.
Спикер ретінде қатысқан Академияның БҚО бойынша филиалының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты М.Нұртазин «Мемлекеттік басқаруды реформалаудың жаңа моделі туралы», Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, психология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ковалев «Жаңа жағдайда мемлекеттік қызметші тұлғасының тиімділігін арттыру мәселелері», Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалының профессоры, экономика ғылымдарының докторы А.Есіркепова «Жобалық менеджментті ендіру негізінде аймақты дамыту» және Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, саяси коммуникация, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі А. Бекахметовалар «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы міндетін жүзеге асырудағы Академия филиалдарының рөлі» тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Брейнсторминг жұмысын жүргізген модераторлар ҚР Президентінің жанындағы МБА Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, дінтану магистрі — Ә.Нысанбаев пен ҚР Президентінің жанындағы МБА Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты – Ш.Габдрахманова.
Кездесу нәтижесінде мемлекет басшысының қойған талабы мен артқан жауапкершігін түсіне отырып, реформаларды жүзеге асыруда жүйелі түрде әрекет еттудің тиімділігі айшықтала түсті.
Онлайн кездесудің соңында Президент Жолдауында айтылған мемлекеттік аппараттың жаңа моделін қалыптастыруды жүзеге асыру үшін келесі ұсыныстар айтылды:
мемлекеттік органдардың басшылары үшін жеке коучингтер ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға танымал жергілікті кәсіпкерлерді шақыру;
ассесмент-орталық технологиясын пайдалана отырып мемлекеттік органдарда корпоративтік орта мен құзыреттерін бағалаудың сапа мониторингін жүргізу;
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесе әрекет ету үшін Академияда сарапшылар пулын құру;
Академияның бағдарламалар каталогына келесі онлайн-семинарларды енгізу: Меритократия ұстанымын жүзеге асыру және Халық үніне құлақ асатын мемлекет, бұл мемлекеттік органдарда іс жүзінде қалай іске асырылады;
әлеуметтік желілермен жұмысты ұйымдастыру бойынша контент құру.