Жаңалықтар

ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Қазанның 21 күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша депратаментінің    бастамасымен   Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan БҚО бойынша филиалында МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ:

ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың басқарма басшылары, жауапты лауазымды тұлғалар, өңірдің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты. 

Шеберлік сыныптары түрінде өткен семинардың модераторы: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры -Ш.Габдрахманова.

Семинардың мақсаты: мемлекеттік қызметшілерге өзін-өзі ұстау, әдептілік, жанжалдарды шешу жолдарының тиімді құралдарын меңгерту.

Спикер ретінде сөз алғандар:

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МОРАЛЬДЫҚ-ӘДЕПТІЛІК БЕТ-БЕЙНЕСІ – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Бірінші вице-ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Ш.Дүсіпов;
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЭТИКАСЫ — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ. С. Тұрсынбаев;
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАЛДЫҚ, СЕНІМ МЕН ӘДЕП — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының Бірінші орынбасары Н.І.Сәмет;
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР АЛУ КЕЗІНДЕ ЫҢҒАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — «Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.У.Салиева;
  • КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ШЕШУ(МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ) — Психология ғылымдарының докторы, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы Л.У. Асылбекова.

Нақтырақ айтсақ, аталған шарада төмендегі мәселелер төңірегінде тереңірек сөз қозғалды:

Мемлекеттік қызметшінің этикасы

Мемлекеттік қызметшілердің құндылықтары   

Мемлекеттік қызметте моральдық-әдептілік құндылықтары

Кәсіби қызметтегі жанжалды шешу жолдары

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет көрсету

100-ге тарта тыңдаушы қатысқан семинар өте мазмұнды өтті.