Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен
«Мемлекеттік қызметтегі тәлімгердің тиімділігі: құзыреттілігі мен жеке қасиеттері» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Семинарға облыс, қала, аудандардың персоналды басқару қызметінің басшылары, орталық атқарушы органдар мен басқармалардың кадр қызметінің өкілдері және мемлекеттік органдардың тәлімгерлері қатысты.
Аталған шараның модераторы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша соңғы өзгерістерге тоқталды.
Семинар барысында «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібін бекіту туралы» Қағида талаптарын сақтау жөнінде аталған департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Е.Қабдолин айтып өтті.
ҚР Президентінің жанындағы МБА Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты – Ш.Габдрахманова «Көшбасшының заманауи құзыреттіліктері: hard skills & soft skills» тақырыбында 60 минуттық тренинг өткізді.
Сонымен бірге аталған Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Л.Ж.Нарушева онлайн-сабаққа қатысу ережелері туралы қысқаша мәлімет берді.