Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan БҚО бойынша филиалы 2021 жылдың ақпан айында өтетін біліктілікті арттыру семинарларына шақырады!
- Тиімді коммуникациялар (1-3 ақпан)
- Шешендік өнер. Сторителлинг ( 8-10 ақпан)
- Келіссөздер жүргізу және жанжалдарды реттеу (15-17 ақпан)
- Гендерлік саясат: мансап және отбасы (22-24 ақпан)
Бұл 24 сағаттық семинарлар:
-көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын жетілдіргісі келетін;
-жеке тиімділігін арттыруға ұмтылатын;
-өз мансабын одан әрі ілгерілетуге мүдделі;
-өзінің көшбасшылық құзыреттерін жетілдіруге ұмтылатын;
-халықпен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытқысы келетін
мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге, квазимемлекеттік сектор өкілдері мен жеке азаматтарға арналады.
Онлайн семинарларды Академия филиалының профессор-оқытушы құрамы мен бизнес-тренерлер жүргізеді.
Семинарлар туралы толық ақпаратты zko.apa.kz сайтынан немесе төмендегі байланыс нөмірлері арқылы білуге болады:
+7 (702) 292 34 28
+7 (775) 300 65 53