Жаңалықтар

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар!

«Мемлекеттік басқарудағы кәсіби даму және бизнес процестер: тиімділіктің түйінді көрстекіштері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық семинар!2021 жылғы 17 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының онлайн платформасында «Мемлекеттік басқарудағы кәсіби даму және бизнес процестер: тиімділіктің түйінді көрстекіштері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық семинары өткізілді. Шара ҚР мемлекеттік қызметшілер күніне арналған, сонымен қатар семинар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қолдауымен және белсенді қатысуымен ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалдарының директорлары, ресейлік әріптестеріміз, Ресей құқықтық академиясы Поволжье филиалының магистранттары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Шараның ашылуында Қазақстанның мемлекет қайраткері, Астанадағы Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитетінің төрағасы Ә.М.Бәйменов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ.Әбіл, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовтер құттықтау сөз сөйлеп, өте өзекті мәселелер қозғалып отырған семинар жұмысының маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында төмендегі мәселелер қарастырылып, талқыланды:

— сервистік мемлекеттік аппарат;

— ұйымдағы өзгерістерді басқаруда кешенді «PM — BPM» әдісін қолдану;

— аталған мәселелерге байланысты мемлекеттік қызметшілерге қажетті құзыреттер;

— қоғамның сұранысын ескере отырып горизонталды шешімдер қабылдау немесе басқарудың «желілік» моделі;

— қосымша білім беру азаматтық қызметшілердің кәсіби дамуының негізі ретінде (РФ тәжірибесінен).

Семинарда баяндама оқып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы, мемлекеттік басқаруда бизнес-процестерді оңтайландыру салаларында өз ойларымен, тәжірибелерімен, өз көзқарастарымен бөліскен әріптестеріміз: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаевқа, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының бас сарапшысы Б.Н.Злобинге, РФ Әділет министрлігінің Бүкіл ресейлік мемлекеттік юстиция университеті Поволжье институтының әкімшілік құқық және құқық қорғау қызметі кафедрасының доценті И.С.Семеноваға, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Г.К.Исеноваға, Самара мемлекеттік басқару университеті Халықаралық нарық институты Мемлекеттік және муниципиалдық қызмет институтының директоры Д.В.Березовскийге алғысымызды білдіреміз.

Баяндамалардан кейін қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, еркін форматтағы пікір алмасулар орын алды.