ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы арналған жолдауын мұқият тыңдады.
Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттары айтылды. Білім-ғылым саласын дамытуға байланысты жаңа міндеттер жүктелді.
Жолдауда көрсетілгендей жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын оңтайландыру, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау қабілеттерін арттыру күн тәртібіндегі мәселе болып табылады. Осы ретте мемлекеттік қызметте білікті мамандарды даярлау академия филиалының негізгі мақсаты болып саналатынын атап өткен жөн. Филиал тарапынан жыл сайын мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, біз бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдіміз. Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймыз. Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.