Жаңалықтар

Биылғы оқу жылының дәстүрлі форматтағы алғашқы тыңдалымы өтті

Бүгін Академия филиалында қайта даярлау курсы тыңдаушыларының биылғы оқу жылының дәстүрлі форматтағы алғашқы тыңдалымы өтті. Филиал директоры Шынар Төлегенқызы Габдрахманова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевпен бірлесе отырып курстың алғашқы сабағын салтанатты түрде ашты.
Дәрісті өткізгендер:
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы — Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік бсқару академиясының БҚО бойынша филиалының профессоры — Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік бсқару академиясының БҚО бойынша филиалының аға оқутышысы — Тлеубергенова Райхан Мажитқызы
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік бсқару академиясының БҚО бойынша филиалының аға оқутышысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі — Молданиязов Әлібек Елеусінұлы