Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Академия филиалының директоры Ш.Т.Габдрахманова және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев «AQJAIYQ» телеарнасының «SIZ NE DEISIZ?» бағдарламасына қатысып, “Президенттік жастар кадр резерві: жастарға жаңа мүмкіндік” тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.
Эфирде Президенттік жастар кадр резервінің құрылу мақсаты, іріктеудің талаптары мен кезеңдері, QAZAQ RESMI TEST-ін тапсыру мәселелері және qrt.kz сайты арқылы қазақ тілін білу деңгейі бойынша онлайн тест тапсыру тәртіптері сынды ақпараттар айтылып, үміткерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар бағдарламаға жастар тарапынан «Бірлік» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі, БҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі, БҚО ҚХА еріктілер қозғалысының төрағасы, кәсіпкер Э.Джаналиев және БҚО Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің бас маманы Г.Қосжанова қатысып, Президенттік жастар кадр резервіне үміткер ретінде іріктеуге тілек білдіргендерін сөз етті.