Бүгін Академия филиалында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Қайыржанұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл шеруі» іс-шарасы аясында «Қазақ тілі әлемі» атты қонақ дәріс өткізді.
Дәрісте қазақ тілі тарихы, оның даму кезеңдері, тіл зерттеуші шетелдік және қазақстандық ғалымдар еңбектеріне шолу жасалып, көне түрік тілінен бүгінгі латын әліпбиіне дейінгі мәселелер айтылды. Сонымен қатар тыңдармандар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып пікір алмасу болды.