Бүгін Академия филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушылары мен оқытушылары қатысқан интеллектуалды ойын өткізілді.
Шара барысында мелекеттік қызметшілер өз алған білімдері мен біліктіліктерін шыңдап, екі командаға бөлініп Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмалардың орындалуын талқылап, сұрақтарға жауап беруден сайысқа түсті.
Интеллектуалды ойын соңында екі команданың мәселені терең талдау және шешімдер қабылдау құзыреттерін дауыс беру арқылы бағалап, жеңімпаздарға естелік кітаптар табыс етілді.