Болашақ мемлекеттік қызметшілер тиімді коммуникация дағдыларын үйренді.
Бүгін ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО филиалы «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі өкілдеріне семинар-тренинг өткізді. Академия филиалы мен мүдделі мемлекеттік органнан келген тренерлер коммуникация құралдарын жұмыс тиімділігін арттыруда қолдану, эмоцияны басқару және әдеп мәселелері туралы талқылады.
Тренинг соңында қатысушы жастар командалық жұмысқа негізделген жаттығулар орындады.