2021 жылдың 25 қазан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында сайлаудың жаңа форматымен сайланған ауыл әкімдеріне арналған «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау. Ауылдық округті басқарудағы жобалық тәсіл» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өз жұмысын бастады.
Семинардың ашылуына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Габдрахманова Шынар Төлегенқызы қатысты.
Семинардың негізгі тақырыптары:
Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары: жалпыұлттық басымдықтар;
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: заманауи реформалар;
Ауылдық бюджетті жоспарлау және басқару;
Мемлекеттік сатып алулар;
Коммуналдық меншікті басқару;
Ауылдық бюджетке салық түсімдерін басқару;
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары;
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Тиімді коммуникациялар;
Команданы тиімді басқару;
Әлеуметтік желілер және халықпен жұмыс істеу кезіндегі SMM;
Ауылдық округті басқарудағы жобалық тәсіл.
Семинар нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау және жобалық басқару кәсіби құзыреттіліктері дамытылады.