Жаңалықтар

МӘСЛИХАТТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ

Бүгін 4 қараша Қазақстан Республикасы Прездентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы филиалында облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Мақсаты – мәслихаттың рөлін, әлеуетін күшейту, соның ішінде құқықтық сауаттылықты күшейтуге баса мән беру, депутаттардың сайлаушылармен өзара әрекеттесуінің тиімді формаларын ұсыну, оған қоса мәслихат қызметі мен бюджеттік процестердің ашықтығына байланысты сұрақтарды талқылау.
Семинар-тренинг USAID және Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясымен, Қазақстандағы Internews Network өкілдігімен және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп, республиканың барлық аймақтарында өтуде.
Семинардың модераторы – Батталова Зауреш Кабылбекқызы, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті.
«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін арттыру» семинар-тренингінде сөз сөйлегендер:
Ричард Уиллер — Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі
Бигалиев Марат Советұлы – Қазақстандағы Интерньюс өкілдігінің директоры
Габдрахманова Шынар Төлегенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры
Қонысбаева Бибигүл Тишанқызы – Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы

Спикерлер:
Габдуалиев Мереке Тлекович – заң ғылымдарының кандидаты, заңгер-конституционалист.
Чеботарев Андрей Евгеньевич – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры
Айтенова Шолпан – «Zertteu Research Institute» бейкоммерциялық ұйымның ортақ құрылтайшысы және атқарушы директоры

2022 жылы аудандық, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына арналған тереңдетілген бағдарламаны даярлау және депутаттарды оқыту жұмыстары жоспарланды.