Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы аясында «Жеке және командалық тиімділікті арттыру дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған командалық эстафеталық жарыс өткізілді.
Аталмыш шараны академия филалының аға оқытушысы Р.Ж.Бахтиярова ұйымдастырды. «Cұңқар», «Қыран», «Favorite» командаларына топтасқан курс тыңдаушылары тимбилдингке асқан белсенділікпен қатысты. Тимбилдингке қатысушы мемлекеттік қызметшілер табысты команда құрудағы тимбилдингтің маңызы мен орны туралы ой бөлісті. Командалық эстафеталық жарысты академия филиалының директоры Ш.Т. Габдрахманова қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.