Жаңалықтар

Жеке және командалық тиімділікті арттыру дағдыларын қалыптастыру тақырыбында кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған командалық эстафеталық жарыс

Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында өзгермелі әлем жағдайында кәсіби құзыреттерін арттыруға мүдделі мемлекеттік қызметшілерге арналған біліктілікті арттыру курсы аясында жеке және командалық тиімділікті арттыру дағдыларын қалыптастыру тақырыбында кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған командалық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.
«Достық», «МҚ-мемлекеттік қызметші», «Барыс» командаларына топтасқан курс тыңдаушылары тимбилдингке асқан белсенділікпен қатысты. Тембилдингті академия филалының аға оқытушысы Р.Ж.Бахтиярова жүргізіп, жарыста жеңіске жеткен командалар академия филиалының директоры Ш.Т. Габдрахманованың атынан алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Жарыс қорытындысында тиімді кері байланыс жасалып, курсқа келген мемлекеттік қызметшілер біліктілікті арттыру семинары аясында өткізіліп отырған осындай шаралардың маңыздылығын, өздерінің күнделікті қызметтерінде де осы тәжірибені енгізудің қажеттіліктерін баса айтты.