07.12.2021 ж. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жанындағы Сараптамалық Кеңес отырысы өтті.
Zoom платформасында өткен отырыста Кеңес төрайымы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Габдрахманова Шынар Төлегенқызы 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Одан әрі кеңес мүшелері, БҚО әкімі аппаратының басшысы Батаев Берік Әділгерейұлы, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы, Орал қаласының әкімі аппаратының басшысы Жазықбаев Исатай Елубайұлы және т.б. тұлғалар өз пікір-ұсыныстарын айтты.
Кеңес отырысы айтылған ұсыныстарды алдағы жылғы мемлекеттік қызметшілерді оқыту жоспарына қосу туралы шешім қабылдады.