Жаңалықтар

ҮН ҚОСУ

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕ ҮН ҚОСУ

АШЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Президент Қ.К.Тоқаев елдегі реформаларды, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда кәсіби сапалы мемлекеттік аппараттың орнын ерекше атап өтті. Академия филиалдары мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламаларының жаңа контентін жасақтауды негізге алды. Бұл жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері мен аймақтық маслихат депутаттарының халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесудің құралдарын тиімді қолдану, халық және мемлекет арасында үздіксіз диалог құру, келіссөздер жүргізу  дағдылары мен тәжірибелерін шыңдап, ел мүддесі мен халық мұқтажын шешуге мүмкіндік береріне берік сенеміз.

Габдрахманова Шынар Тулегеновна

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, директор, педагогика ғылымдарының кандидаты

 

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІНЕ ПІКІР

         Президент бүгінгі үндеуінде қоғам мен қарапайым халықтың көптен айтып жүрген мәселелеріне тоқталды. Қоғам даму үшін ең алдымен керегі – ақыл-ой, терең білім, озық технология, жетілген техника. Ал, бізде мелекеттік органдарда орындаушылардан  гөрі бастықтың санын көбейтуді, бюрократиялық аппараттарды ұлғайтуды, жұмыс істеуден гөрі оған бақылау жасайтындардың санын бірнеше есеге арттыруды көбірек ойлайтын секілдіміз. Шынын айтқанда, тікелей тиімді еңбек атқаратындардан гөрі оны бақылап, өкшесін сығалап отыратындардың жоғары еңбекақы алуы, онымен қоймай әлеуметтік артықшылықтарды иеленуі, ат төбеліндей топ ештеңе тындырмаса да биік мәртебелі саналуы – жұмсартып айтқанда, әділетсіздік. Халық осы сорақылықты көріп тұрған соң ашынады. Мысалы, бір аппаратта білікті маман бар ниеті мен өнерін салып еңбек етеді. Бірақ мансапты өсуге мүмкіншілік жоқ Ал, біліктілігі мен әлеуеті әлде қайда төмен 6 адам масыл болып қабылетті мамандардың мойнына мініп отырады да олардан гөрі мол жалақы алады және нақты әрекеттер істемесе де «басқарушы» даңгейіндегі лауазымда. Президентің мына сөзі маңызды деп ойлаймын: «еңсерген еңбектері мол, көп жыл қажырлы еңбек еткен адамдар да жастардың арасында болып, өз тәжрибелерімен бөлісуге тиісті». Сонымен қатар қоғамда дәулетті адамдар мен қарапайым халықтың табыстары арасында алшақтык күрт өсіп кетті. Осыған байланысты қарапайым адамдарға жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлу және техникалық мамандарды дайындау маңыздылығы үндеуде орнын тапты.

Нұртазин  Мирболат Сүйеуұлы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы,

 социология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері

 

    ӨЗЕКТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі үндеуінде әлі де өңірлердің дамымай жатқандығын, шенеуіктердің әлі де халықпен тиімді қарым-қатынас жүргізе алмайтынын, әділ шешім қабылдаудың жоқтығын, мемлекеттік бағдарламалар бюрократияның кесірінен іске аспай жатқандығын, қағазбастылық, формасы болғанымен мазмұны жоқ істер барын айтып, санды қуып жұмыс жасамай, сапалы қызмет жасауға шақырды. Сондай-ақ жас ұрпақ тәрбиесі мен біліміне ден қойып, әлеуметтік саладағы нақты мәселелерге көңіл бөлуді, ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Бахтиярова Рысканым Жолболсыновна

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы

бойынша филиалының аға оқытушысы, магистр

 

 

 ӨЗЕКТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  халықтың көкейінде жүрген, әр азаматтың  өмірін түбегейлі өзгертуге бастайтын, сапасыздық, бақылаусыздық, жүгенсіздік  салдарынан туындаған  мәселелердің  шешім жолдарын ұсынды. Жас ұрпақтың болашағына алаңдап отырған   ел азаматы ретінде еліміздің өндірістік саласын өркендетуге үлес қоса алатын техник мамандарды дайындау, сапалы білім нәрімен сусындата алатын кәсіби ұстаздарды қолдау, әлеуеті зор жастардың жаппай жұмыспен қамтылуы,  өңірлер арасындағы теңгерімді реттеу мәселесінің шешім табатынына мол сеніміміз бар.

Хаирова Гүлназым Серікқызы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы

бойынша филиалының аға оқытушысы, магистр