Елімізде 2021 жылы өткен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысқан 8638 кандидаттардың ішінде 50 үздіктер қатарына Батыс Қазақстан облысынан Ерлан Галиев өтті. 50 резервист тізімінде 5-ші орында.
2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының курс тыңдаушылары резервист Ерлан Галиевпен кездесуге қатысып, өзара пікір алмасты.
Мотивациялық кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру және оның табысты үлгісін көрсету
Ерлан Галиев И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің түлегі, мамандығы – геолог. Өз сөзінде резервке іріктеуге қалай қатысып, әрбір кезеңге өту барысындағы жаңа тәжірибесімен бөлісті. Іріктеудегі QAZAQ RESMI TEST тапсыру, вербалды және сандық тестілеуден жақсы өтіп, ситуациялық тапсырмаларды шешу таңдаған бағыты экономика саласынан болғандығын және оны өзінің бағалауында табысты еңсергенін, оларды онлайн форматта өткенін айтты. Ерлан ассессмент-орталық кезеңін ең қызықты деп бағалай отырып, оған оффлайн форматта қатысып, өзінің жеке және топтық құзыреттіліктерін сарапшылар бағалап, өзіне өте пайдалы тәжірибе алғанына баса назар аударды. Өзінің болашаққа бағдарларымен бөлісті. Резервист пікірінше, әрбір кезең — үміткерге өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін орта.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев арнайы қатысып, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамытудың жолдарына тоқталып өтті.
Филиалдағы семинар және курс тыңдаушылары мемлекеттің экономика, HR, дін, жастар, ауыл шаруашылығы, мұнай және газ салаларындағы проблемалық сұрақтарын қойып, ауыл болашағы, e-gov, салық төлеу және оның есебі, Балалар жылы-2022 жобалары бойынша ұсыныстармен бөлісті.
Филиал директоры Шынар Габдрахманова мемлекеттік қызметшілерге арналған мотивациялық кездесулер және дәрістер үнемі өтіп тұратынын атап, резервист Ерлан Галиевке естелік сыйлық тарту етті.