СЕНБІЛІК!
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалындағы қайта даярлау курсына қатысушы мемлекеттiк қызметшілер осы ЧЕЛЛЕНДЖді өздері сияқты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының барлық филиалдарында қайта даярлау курстарына қатысушы мемлекеттік қызметшілерге жолдайды!!!
Бұл идея курс аясында икемді дағдыларға арналған кейстерді талқылау кезінде туындады!!!
«Тазалық табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарына қатысушы мемлекеттік қызметшілер бүгін облысымыздың елді мекендерінде өткізіліп жатқан санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың сенбілік шарасына белсене араласты.
Облыс көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысуды біз өзімізден бастағанымыз орынды деп шешкен курс тыңдаушылары ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Филиалдың аға оқытушысы, п. ғ. магистрі Р. Ж. Бахтиярова