Жаңалықтар

«Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі»

2022 жылдың 15 сәуір күні Филиалдың кабинет меңгерушісі Л.Нарушева мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің БҚО бойынша департаментінің Алдын алу және парасаттылық басқармасының қызметкері Е.Ерланұлы  «Жайықжылуқуат» АҚ-ның қызметкерлерімен кездесті. Шара барысында квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметі туралы және ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын мекемеге енгізу туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.