Жаңалықтар

«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің замануи тәсілдері»

16 мамыр күні Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің замануи тәсілдері» тақырыбында аудан депутаттарына арналған біліктілік арттыру семинары өз жұмысын бастады. Семинарға Ақжайық,Бөкей ордасы,Бөрлі,Бәйтерек,Жаңақала,Жәнібек,Қаратөбе,Теректі,Шыңғырлау аудандарынан 44 депутат қатысуда.

Семинар барысында депутаттармен тиімді қызмет ету үшін кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру мақсатында
-заң шығару қызметі;
-мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
-тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
-көпшілік алдыңда сөз сөйлеу дағдылары;
-тиімді коммунакациялар;
-мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара әрекеттесуі модульдері оқытылады.

Семинардың ашылуына Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Т.Қонысбаева қатысып,тыңдаушыларға сәттілік тіледі.