Облыс аудандарындағы кездесулер өз жалғасын табуда.
12 мамыр күні Теректі ауданында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау мәселелері бойынша Ш.Т.Габдрахманова — ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры , «Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында А.С.Жұбаныш — ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы ,Б.Ф.Ғұбайдуллин әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, «Орал өңірі»газетінің бас редакторы аудан активімен кездесу өткізді.
Семинар барысында академия филиалының директоры Ш.Т.Габдрахманова магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдаудың жаңа ережелерін түсіндіре келе, Академияда оқудың артықшылықтарына тоқталып өтті.
Академияға түсу талаптары жөнінде «Оқуға түсу бойынша гид» және лифлеттер таратылды.
Талапкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып,толық жауаптарын алды.
Азаматтарды жеке қабылдауда академия филиалының директоры Ш.Т.Габдрахманова PIPPLET тест тапсыру сайты бойынша жұмыс жасау,кейс шешу,сұхбат кезеңдеріне дайындалу туралы кеңес берді.
Кездесу өз жұмысын ауданның мемлекеттік қызмет көрсетілетін нысандарын аралаумен аяқтады.