Жаңалықтар

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы басталды.

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО филиалында  5 қыркүйек күні «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы басталды.
Курсқа аудан, қала әкімдіктері мен аймақтық департаменттер мен басқармалардан барлығы 33 тыңдаушы қатысуда. Курс 3 апта болып оның барысында мемлекеттік қызметшілерге қазіргі күн үшін маңызды деген 14 тақырып 4 модуль бойынша тренингтер өткізіледі.
Семинардың ашылуына ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Байсалов қатысып, тыңдаушыларға сәттілік тіледі.