ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының базасында семинар-кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметті өткеру мен мемлекеттік қызмет заңнамасын сақтау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының базасында семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға қала және аудан әкімі аппарат басшылары мен өңірдің персоналды басқару қызметтерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара Департамент басшысы М.Байсалов пен облыс әкімі аппаратының басшысы А.Шыныбековтың алғы сөзімен ашылды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметті өткеру, осы саладағы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау және облыстық жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.
Семинарға қатысқан мемлекеттік қызметшілерге жеке және кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында тайм-менеджмент және стресс-менеджмент, мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және комплаенс бағыттары бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтерді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі Л.Ж.Нарушева, аға оқытушылары Р.Ж.Бахтиярова, Г.С. Хаирова және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқарманың бас маманы Е.Ерланұлы өткізді.
Мемлекеттік қызметті өткеру және осы саладағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік аппаратты бюракратиядан арылту мақсатында «Ашық алаң» форматында, пікір талас, ой-пікір алмасу сессиясы өткізілді.