Жаңалықтар

«Менің мәңгі Отаным – Қазақ елі»   іс-шарасы өтті.

ҚР Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалында  25 қазан- Республика күніне орай ұйымдастырылған «Менің мәңгі Отаным – Қазақ елі»   іс-шара өтті.

ҚР Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалында  25 қазан- Республика күніне орай ұйымдастырылған «Менің мәңгі Отаным – Қазақ елі»   іс-шара өтті.

Салтанатты шараны филиал директоры Ш.Т.Габдрахманова  құттықтау сөзімен ашты.

Іс-шара қонағы  академия филиалының лекторы , Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Джазыкбаев И. Е. Республика күнінің саяси,әлеуметтік мәніне  тоқталып өтіп,оның ұлттық маңыздылығын  атап көрсетті.

Семинар тыңдаушысы Г.М.Тулегенова Республика күніне арналған жыр жолдарын тарту етті.

 Іс шарада Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №13 филиалының  ұйымдастыруымен  жылжымалы кітап көрмесі өтті.

Көрме құжаттары бойынша кітапхана филиалының меңгерушісі К.С.Қанатқалиева,кітапханашы Н.Қ.Сарсенғалиева көрмені таныстырып өтті.

Іс-шара филиалда тәлім алып жатқан мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсының тыңдаушылары және филиал ұжымы қатысуымен өтіп, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен аяқталды.