Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы: инклюзивті орта» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы: инклюзивті орта» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.


20 қазан күні Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Лодз Университетінің (Польша) әлеуметтік ғылымдар докторы,профессор Дорота Подгорска-Яхник ханыммен мемлекеттік қызметшілерге арналған «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы: инклюзивті орта» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріске  біліктілікті арттыру семинарының және  қайта даярлау курсының тыңдаушылары, филиал қызметкерлері қатысты.
Профессор Дорота Подгорска-Яхник   Польша елінде инклюзивті ортаны құру ерекшеліктері, әлеуметтік мәселелерді мемлекет және қоғам бірлесіп шешу тәжірибесі мен жобалары,ғылыми зерттеулері туралы мазмұнды  дәріс берді.
Белсенді аудиториямен инклюзивті ортада қолдау,көмек беру,сапаны бақылау,ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жеке дамуындағы басым тенденциялар талқыланды.
Филиал директоры Ш.Габдрахманова кездесу соңында Дорота Подгорска-Яхник ханымға  еңбек жолында сәттілік тілеп, зор алғысын білдірді.