«Эмоционалды интеллект» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен тренинг өткізілді
Өзін-өзі ұстай білу жəне өзара əрекеттесудің сауатты үлгісін құру адамдармен тікелей қатынасуға байланысты қызмет салаларында аса маңызды болып жатады.
Тұлғаның кəсіби жетістіктері, сөзсіз, оның білімімен, қабілеттерімен, дағдыларымен, жан-жақтылығымен жəне кеңінен ойлау білу қасиеттерімен,сондай-ақ оның қоршаған ортадағы адамдардың эмоциясын түсінуі жəне олардың эмоциялық күйіне икемделуі арқылы тиімді қарым-қатынас құра білу деңгейімен тығыз байланысты болып келеді.
28 қараша күні осы сұрақтар хақында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы БҚО Әділет департаментінің ұсынысы бойынша «Эмоционалды интеллект» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен тренинг өткізді.
Осы кездесуде академияға магистратураға оқуға түсуге қосымша қабылдау туралы ақпарат беріліп,тыңдаушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.