Жаңалықтар

ДАМУ КҮНІ аясында «Әйелдердің өзін-өзі қорғау арқылы құқықтар мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында тренинг өткізілді

ДАМУ КҮНІ аясында «Әйелдердің өзін-өзі қорғау арқылы құқықтар мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында тренинг өткізілді

2023 жылдың 4 қаңтарында академия филиалында ДАМУ КҮНІ аясында «Қорлауды тоқтату» жобасының негізін қалаушы, Access Microsholarship бағдарламасы жобасының үйлестірушісі, АҚШ Конгресінің «Ашық әлем» бағдарламасының түлегі, сертификатталған ЭСҚ нұсқаушысы Кенжегалиева Айнаш Мағжанқызы «Әйелдердің өзін-өзі қорғау арқылы құқықтар мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында тренинг өткізді.

Айнаш Мағжанқызы басқа 14 нұсқаушы сияқты өткен жылы @ESD Global_ Europe тренерлерінен дәріс алды. Жобаға АҚШ дипломатиялық миссиясы, Назарбаев университеті және Әйелдер күштері Альянсы қолдау көрсетті.

Тренингте жеке шекараны бұзу, көшеде, қоғамда, жұмыста қауіпсіздік туралы, қудалау туралы, осыған қарсы тұра аламыз ба және тағы басқа әйелдердің өзін-өзі қорғау арқылы мүмкіндіктерін кеңейту туралы айтылды.

«Даму күні» мазмұнды және қызықты өтті, аудитория көптеген пайдалы және қажетті ақпарат алды.
Айнаш Мағжанқызына ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз және үлкен табыстар тілейміз!!