Жаңалықтар

ТАСҚАЛА АУДАНЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Тасқала ауданындағы кездесу

2023 жылдың 23 ақпан күні ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиал директоры Габдрахманова Шынар Төлегенқызы Тасқала ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, этика, мемлекеттік қызметшінің имиджін нығайту бағытындағы мәселелер бойынша семинар кездесуге қатысты.
Кездесу барысында филиал директоры Ш.Габдрахманова жиынға жиналған ауылдық округ әкімдері мен бөлім және мекеме басшыларына ISO 37001:2016 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі стандарты туралы, стандартты кім қолдана алады,ұйым сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра алады, ISO 37001 енгізу мен сертификаттаудың артықшылықтары мен ISO 37001 енгізу кезіндегі іс-шаралар кешені туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ кездесуде күйзеліске төзімділік құзіреттілігін қалыптастыру бойынша копинг стратегиялары таныстырылып, талқыланды.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілер қызмет барысындағы мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарына жауаптарын алды.