Жаңалықтар

7 наурызда «Орал ақпараттық технологиялар колледж» базасында «Практикалық талдау» тақырыбында көшпелі сабағы өтті

«Практикалық талдау»

7 наурызда «Орал ақпараттық технологиялар колледж» базасында мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін шақырылған жаттықтырушы Сафуллин Елдос Нәбиоллиұлының «Практикалық талдау» тақырыбында көшпелі сабағы өтті.
?Сабақ заманауи қолданбалы технологияларды пайдалана отырып интерактивті форматта ұйымдастырылды және келесі өзекті мәселелерге арналды:
Мәтіндік ақпаратпен және big data-мен жұмыс істеу кезіндегі заманауи тәсілдер мен талаптар;
Сыни ойлау және ақпараттық-талдау жұмыстарын талдау және құрылымдау әдістері;
Деректерді визуализациялаудың заманауи құралдарын пайдалана отырып, презентациялар мен есептерді дайындау дағдыларын дамыту.