Бүгін 14 наурыз күні Академия филиалында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау» атты біліктілікті арттыру семинары басталды .
Семинар аясында тыңдаушылармен талдау негізінде болжамдар құру (Data Driven Decision Making), деректер негізінде басқару шешімдерін әзірлеу мен басқарудың балама шешімдерін табу, PEST, SWOT талдаулар негізіндегі ақпарат көздерімен жұмыс жасаумен деректерді визуализациялау (Excel, Power BI) тақырыптары және практикалық кейстер қарастырылады.
Тренер сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Ашық Абат Сәкенұлы, Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру бөлімінің басшысы Рашитов Раимбек Нурланович пен сарапшы Нуртазин Мирболат Сүйеуұлы шақырылды.
Семинар тыңдаушыларға деректер негізінде шешім қабылдау бойынша кәсіби құзіреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.