Жаңалықтар

Бүгін 17 наурыз күні академия   филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды

Бүгін 17 наурыз күні академия   филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды.


Курс барысында тыңдаушылар ұлттық жобаларды іске асыруда маңызды болатын  жобалық менеджменттің практикалық құралдары,қарым-қатынастағы эмоционалды компоненттің маңыздылығы,эмоцияларды басқару,цифрлық трансформация және цифрландыру жобалары аясында тиімді жұмыс істеуге арналған практикалық құралдар,команда құру дағдылары,ресми стильдегі мәтінді құру алгоритмі,коучингтің негізгі модельдері,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылықты қалыптастыру сияқты маңызды тақырыптар бойынша өз білімдерін жетілдірді.

Жас қызметшілер өңір тұрғындары үшін маңызды және қоғам игілігі үшін өзекті  мәселелер бойынша  өз жобаларын ұсынды.

 Курсты аяқтау нәтижесінде 4 (төрт) жоба қорғалды:
1. «Барбастау ауылында гидропоника әдісімен жылыжай  кешенін ашу»

  1. «Шалқар көлінің маңында демалыс базасының құрылысын салу»
  2. «Тасқала ауданында «Stone PLAZA» демалыс орнын ұйымдастыру»
  3. «Жалпақтал ауылындағы ауылішілік техникалық су құбырын полиэтиллендік құбырға ауыстыру»

Комиссия мүшелері барлық жобалардың  тақырыптары өте  өзекті екенін атап өтіп,курс тыңдаушыларына сәттілік тіледі.