Жаңалықтар

2023 жылы 3 сәуірде «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерді қайта даярлау курстары басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 2023 жылғы 3 сәуірде «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерді қайта даярлау курстары басталды.

Курстың мақсаты — мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады. Курс тыңдаушыларына алғашқы дәрісті Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Ашық Абат Сакенұлы «Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар» және академия филиалының аға оқытушысы Бахтиярова Рысқаным Жолболсыновна «Эмоционалды интеллект» тақырыбымен бастады.