5 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалы базасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментімен ұйымдастырылған кездесуге қатысты.
БҚО Стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Б.Қонысбаева және БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Көшкінбаев кездесуге қатынасқан «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары мен «Жастар практикасы» бойынша қызмет жасап жүрген жас мамандарға «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орындары» әлеуметтік жобалары туралы баяндады.
Іс шара барысында өңір басшысы академия филиалы қабырғасында өткізіліп жатқан қайта даярлау курсы мен біліктілік арттыру семинары тыңдаушыларымен кездесті.