7 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесуге әкімдер мен мәслихат аппараты басшылары,персоналды басқару қызметінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында академия филиалының директоры Асет Абжаков жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға арналған академияның оқуға қабылдау ережелерін,соның ішінде магистратура мен докторантура бағдарламаларына қойылатын негізгі талаптар, конкурстық іріктеу кезеңдерінің ,қабылдаудың алгоритмдері,академияда білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында туындаған қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.