Жаңалықтар

«Сегіз қырлы- бір сырлы,алаштың арда Халелі » атты дөңгелек үстел өтті

2023 жылдың 10 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Алаш ардагері,саяси күрескер-Х.Досмұхамедовтың туғанына -140 жылдығына орай «Сегіз қырлы- бір сырлы,алаштың арда Халелі » атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – қажымас қайраткер, әмбебап энциклопедистің ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеп, кеңінен насихаттап жүрген өлке ғалымдарын жастармен кездестіре отырып өлке тарихын білуге ынталандыру, еліне қызмет етуге баулу.
Шара барысында өлкемізге танымал тарихшылар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы , М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Байбулсинова Альфия Сабырғалиқызы Халел Досмұхамедовтың алаш тарихындағы рөлі мен ғылыми мұрасы, ұлттық қауіпсіздік пен азаттық жолындағы атқарған қызметі, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы кеңінен баяндап берді

Аталған кездесуге қайта даярлау курсының тыңдаушылары мен филиал ұжымы қатысты.

Аталған іс –шара Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №8,№13 филиалдарымен бірлесіп өткізілді.