13 сәуір күні академия филиалында «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерге облыс басшысының тапсырмасы шеңберінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»Заңының талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру басқармасының басшысы Жасұлан Ерболатұлы Абдушев және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Орал қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Айман Қайырғалиқызы Айдарова дәріс өткізді.
Курс тыңдаушылары сапалы да мазмұнды тақырыпты зор ықыласпен қабылдап,өз сұрақтарына жауаптарын алды.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді
