Жаңалықтар

Магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Абжаков А.Т. кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру мақсатында БҚО бойынша аумақтық Әділет департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу интерактивті пікірталас форматында өтті, Әділет департаментінің қызметкерлері Академияға оқуға қабылдау Ережелері, магистратура мен докторантураға конкурстық іріктеу кезеңдері , жалпы оқу үрдісі жөнінде, шет мемлекеттерде тағылымдамадан өту мүмкіндігі және т.б. оларды қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.
Құрметті жазылушылар, Академияға оқуға құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесінде онлайн режимде жалғасып, 29 маусымда аяқталатынын естеріңізге саламыз. Академияға түсу туралы барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз:** 31-22-95, 25-00-44, +7 708 966 5335