?22-23 мамыр күндері Казталов, Жаңақала аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға қабылдау бойынша ақпараттық сессия өткізілді. ?Кездесу барысында академия филиалының директоры Асет Абжаков 2023 жылға арналған академияның оқуға қабылдау ережелерін, магистратура мен докторонтура бағдарламаларына қойылатын негізгі талаптар, конкурстық іріктеу кезеңдері, қабылдаудың алгоритімі, жатақхана мәселесі және академияға оқуға түсудің артықшылықтары жөнінде толық ақпарат беріп өтті. ✅Мемлекеттік қызметшілер өз сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. ?Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында өткізіледі.
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу жалғасуда….
