Жаңалықтар

Ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу: магистратура мен докторантураға оқуға түсу ережелерімен таныстыру

Бүгін 24 мамыр күні Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Асет Абжаков Тасқала,Бәйтерек аудандарына Академияға оқуға түсу бойынша ақпараттық сессия өткізу үшін іссапарға барды.
Ақпараттық кездесуде Филиал директоры мемлекеттік қызметшілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелерін түсіндіріп берді.
Филиал директоры өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге оқуға қатысты мүмкіндіктер туралы айтып, Академияға магистратура мен докторантураға түсуге шақырды.

Оқуға құжаттарды қабылдау науқаны 3 сәуірден 29 маусымға дейін жүргізіледі.