Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығы ашылуына орай алғашқы кездесу  өтті. 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR  орталығы ашылуына орай алғашқы кездесу  өтті.  Кездесуге   облыс әкімі аппараты персоналды басқару  қызметінің өкілдері, облыстық басқармалары мен орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің кадр мәселесіне жауапты қызметкерлері және филиал қызметкерлері қатысты. 
Алғашқы сөзді Филиал директоры А.Т.Абжаков алып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даму мен құзыреттерін арттырудың маңыздылығы, біліктілік арттыру бағдарламасын жоспарлаудағы мемлекеттік органның  атқаратын рөлі және өңірдегі кадрлық әлеуетті дамытудағы филиалдың қызметі туралы  айтты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы М.С.Байсалов бұл кездесу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы бойынша мәселені жеке тәжірибе және заңнамаға сүйене отырып талқылайтын ашық диалог форматындағы кездесу екенін еске салды. БҚО бойынша департаментінің басшысы орынбасары Ақерке Ардақызы мемлекеттік қызметтегі өзгерістер мен қызметшілерге қойылатын талаптар, бағалаудың жаңа аспектілері бойынша  ақпаратпен бөлісті. 
Стратегиялық HR  мектебінің диалог алаңы жоспар бойынша ұйымдастырылатын болады. Кездесу соңында қатысушылар айтылған мәселелер бойынша пікір алмасты, өз ұсыныстарын ортаға салды.