Жаңалықтар

Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры тағайындалды.

Лаула Жанатқызы Нарушева Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшы 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Академияның Корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректоры Ұлан Абдилкаилұлы жаңа директорға сәттілік тілеп, алдағы уақытта филиал жұмысын одан әрі өркендетуге байланысты бірнеше нақты тапсырмалар беріп, сенім білдірді.

Лаула Жанатқызына жауапты қызметін абыроймен атқаруына тілектеспіз!