Жаңалықтар

«Заң және тәртіп» нарративін нығайту аясында комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді

?Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» нарративін нығайту аясында комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.
?Семинардың негізгі мақсаты – ұйым қызметкерлерін заңнаманың сакталуын қадағалауға тарту. Семинарға квазимемлекеттік секторының комплаенс-офицерлері қатысты.
?Шарада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Лаула Нарушева “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі ISO 37001 стандартын енгізу” тақырыбында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі жүйесін құру құралдары жөнінде баяндады.Сонымен қоса, бұндай шаралар комплаенс-офицерлерге өз ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтауға және жолын кесуге көмектеседі.
? Семинар соңында қатысушылар «ашық микрофон» форматында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.